Қазақстандық октагонға шыққаны үшін 10 000 доллар, жеңісі үшін де 10 000 доллар, сондай-ақ UFC-ден промоутердің 3 500 доллар бонусын алды. Бұдан басқа, қарсыласы Оливейра салмақ өлшеудегі сәтсіздігінен кейін Рахмоновқа 14 000 доллар "сыйлады".
Еске салайық, БАӘ-дегі "Жекпе-жектер аралында" өткен UFC 254 турнирінде Рахмонов бразилиялық Алекс Оливейрамен кездескен. Шавкат Рахмонов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша, қазақстандық файтер ММА-дегі 13-жеңісіне қол жеткізді.