Әлем • 26 Қазан, 2020

Испанияда төтенше жағдай режимі жарияланды

289 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Испания үкіметі коронавирус инфекциясына байланысты елде төтенше жағдай режимін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Deutsche Welle ақпарат агенттіне сілтеме жасап.

Испанияда төтенше жағдай режимі жарияланды

Бұл шешім қатаң карантин шектеулерін енгізу үшін құқықтық базаны құру мақсатында қабылданған. Төтенше жағдай режимі кем дегенде екі аптаға созылады. 

Оны ары қарай созу үшін, Испания конституциясына сәйкес, үкіметтің шешімі қажет. Премьер-министр Педро Санчестің сөзінше, ол үкімет төтенше жағдай режимін 9 мамырға дейін созуға рұқсат береді деген үмітте, себебі бүгінде "Еуропа мен Испания пандемияның екінші толқынының орталығы".   

14

Пандемия басталғалы бері дүние жүзінде науқастар саны 43 миллионға жетті, оның ішінде, 1,1 миллион адам қайтыс болды. 31 миллионға жуық адам аурудан айыққан. 

14

Италияда 26 қазаннан 24 қарашаға дейін спорт залдары, бассейндер, ойын залдары, кинотеатрлар мен театрлар, спа және жылу орталықтары жабылады.

 

147

Венесуэла коронавирусты жоятын дәрі-дәрмектің ашылғаны туралы хабарлады.

Венесуэла басшысы Николас Мадуро өз елінің ғалымдары коронавирустың тиімді емін ойлап тапқанын айтты. Мадуроның айтуынша, "коронавирусты жоятын дәрі" "С гепатитін, адам папилломавирусын және эбола вирусын емдеу үшін қолданылатын DR10 молекуласына" негізделген. Алдағы күндері еліміз Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымына (ДДСҰ) Венесуэланың ғылыми зерттеулер институты жүргізген жұмыстың нәтижелерін береді.

5

Санкт-Петербургте коронавирустық инфекциямен күресудің жаңа шаралары күшіне енді, оған сәйкес мейрамханалар, кафелер мен барларға түнде жұмыс істеуге тыйым салынды.

45

Украина үкіметі коронавирустың таралуына байланысты күндізгі отырыстардан бас тартты. Онлайн-режимдегі жұмыс эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда Үкіметтің үздіксіз жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.