Елорда • 26 Қазан, 2020

Елордадағы ерекше муралдар

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұрғын үйлер мен қоғамдық кеңістіктерде бейнеленген муралдар қаланың келбетін ашып, жарқын бояулармен, түрлі композициялармен көрік береді, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордадағы ерекше муралдар

Нұр-Сұлтан көшелеріндегі арт-өнер галереясы қазақстандық және шетелдік суретшілердің туындыларына бай. Қаладағы ерекше муралдарға елорда әкімдігінің ресми сайты анықтап, шолу жасаған еді.

"Ғарыш ортасы" муралы. Осы жазда елордадағы Қабанбай батыр даңғылында Дөңгелек алаңның көпір бөлігінде пайда болды. Жұмбақ ғалам, зерттелмеген планеталар мен ғарыштық денелер бұл жерге ерекше атмосфера сыйлайды.

25

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың портреті Абай даңғылында орналасқан көпқабатты үйдің сәнін келтірді. Бұл жұмыс ақынның 175 жылдығына орай Байқоңыр әкімдігінің қолдауымен салынды.

123

Коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне арналған "Біз біргеміз" муралы. Композиция Сарыарқа және Жангелдин көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын үйдің қасбетінде бейнеленген.

Елордадағы тұрғын үйлердің бірінде орындалған "Иллюстрация" кейіпкерлер галереясын суретші Александра Калачева 2018 жылы Urban Fest Astana аясында бейнелеген. Қасбетке салынған суреттерде қала тұрғындарының күнделікті өмірі бейнеленген.

24

Әзірбайжандық суретші Самир Салаховтың "Даладағы түс” стрит-артында (Молдағұлова көшесіндегі үйде) барыс пен ақбөкен бейнеленген.

8534

Есенберлин көшесіндегі үйде орналасқан Zmogk-тың "Тарих" муралы. Бұл муралдың жарқын түстері көз тартады. Суретте тарихи оқиғаларды қағазға түсіріп отырған қыз бейнеленген.

345

Евгений Ches-тің "Табиғат тақырыбындағы коллажы" бетон үйлер, шыны ғимараттармен астасқан қалалық көрініске табиғат мотивтерін араластырады.