16 Сәуір, 2010

АҚЫНЫН АРДАҚТАДЫ

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазіргі қазақ поэзиясындағы өзін­дік орны танылған ақын Серік Ақсұң­­қар­ұлы алпыстың белесінен аттады. Мерейжас алдында аймақ­тағы оқу орындарында өткізілген кездесулер жолын қуған талант­тар есінде қалды. Облыс әкімі Серік Ах­метов арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. Ақсұңқарұлы арынды шығарма­шы­­лығының сүйермендері Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық драма театрындағы жүздесуде алдарына шыққан ақынның өз аузынан ортаға құйылған өлең-жырларын құлақ түре тыңдап, поэзия ләззатына бөленді. Алматыдан, Астанадан қуаны­шын бөлісуге келген қаламдастар Төлен Әбдік, Нұрмахан Оразбек, Темірхан Медетбек, Жұмабай Шаштайұлы, Ұлықбек Есдәулет, Ғалым Жайлыбай сынды ұлттық әде­биеттің көрнекті тұлғалары қараған­дылық­тардың Серік Ақсұңқарұлын лайықты мақтаныш тұта алатындықтарын атады. Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды.