Жобаның авторы - Екібастұз қаласынадғы №6 өрт сөндіру бөлімнің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Серік Раскельдинов.
Жобаны жүзеге асырып, мини-тракторды құрастырғандар №6 ӨСБ өрт сөндірушісі Мұхтар Әділет және осы бөлімнің жүргізуші-қызметкері Тілек Мейрамғалиев.
"Барлық бөлшектерді металл базасынан жинақтап, кейбірін қолдан дәнекерлеп жасадық. Трактордың отырғышына ескі орындықты пайдаландық", дейді құрастырушылар.
Шағын тракторды өрт сөндіру бөлімінің аумағын тазалау және қар шығару жұмыстарына пайданау көзделіп отыр.