9-13 қараша аралығында Сулейман Демирель университетінің оқытушылар тобы СДУ-2020 “Цифрлық білім беру: “i-Мұғалім”моделі” 36 сағаттық онлайн семинар-тренингін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz

“Педагогикалық дизайн”, “Мұғалімдердің эмоционалды интеллектісі”бағыттары бойынша ауқымды ақпарат алады. Атап айтқан жөн, іс-шара еліміздің мектеп, лицей, гимназия және колледж мұғалімдеріне бағытталған. Семинар-тренинг бағдарламасында СДУ оқытушылары “Шет тілін оқытудағы геймификация”, “Онлайн-оқытуды интерактивті ету”, “WhatsApp-ты білім беру мақсатында пайдалану ерекшеліктері”, “Ең жақсы идеялар мен ыңғайлы өмір үшін Кибер-мотивация және лайфхактар” және көптеген қызықты үрдістер туралы айтып береді.
Тренинг аясында қатысушыларға цифрлық әлемнің үрдістерімен байланысты көптеген бірегей және пайдалы ақпарат, сондай-ақ әртүрлі өмірді жеңілдетуге және оны кибер шындыққа жақындатуға көмектесетін платформалар жайлы маңызды ақпарат толығынан беріледі, деген пікірде іс-шара ұйымдастырушылары. Семинар-тренинг бағдарламасы және іс-шараның спикерлері туралы толық ақпарат қосымшадағы бағдарламада көрсетілген.
Айта кету керек, қараша айындағы 36 сағаттық семинар-тренинг”I-Мұғалім” моделі СДУ мен “Өрлеу “БАҰО”АҚ серіктестігі аясында ұйымдастырылған мұғалімдерге арналған үш модульді 80 сағаттық семинар-тренинг сериясының кіріспе бөлігі болып табылады. 20-сағаттық семинар – тренингтің екінші бөлімі қаңтар айында өтеді. Семинардың қорытынды бөлімі 2021 жылдың наурыз айында өтеді. Әрбір модуль аяқталған кезде қатысушылар тиісті сертификаттарға ие болады. Сондай-ақ, семинар – тренингтің барлық үш модулі сәтті аяқталған жағдайда, “Өрлеу “БАҰО” АҚ және СДУ атынан 80 сағаттық қорытынды растаушы сертификат беріледі.
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Белгілі этнограф, суретші Ералы Оспановтың кітаптарының тұсаукесері өтеді
Өнер • 20 Мамыр, 2022
Смайылов ТМД елдерін азық-түлік бағасымен күресте күш біріктіруге шақырды
Саясат • 20 Мамыр, 2022
Солтүстік Кореяда ковидке шалдыққандар саны 2 миллионнан асты
Әлем • 20 Мамыр, 2022
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімі аяқталады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Әскери қызметтен өткен университет түлектері грантты өтеуден босатылады
Білім • 20 Мамыр, 2022
Былтыр 3 ірі мұнай операторы бюджетке 7,5 млрд доллар тікелей төлем жасады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Ұқсас жаңалықтар