Туризм • 27 Қазан, 2020

Түркістанда бас қосты

215 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысында өңірдің туристік әлеуетін дамыту бойын­ша «Түркістан – түркі әлемінің бесігі» атты респуб­лика­лық семинар-кеңес өтті. Облыстық туризм басқармасы ұйымдастырған жиынның мақсаты – өңірдегі туризмді дамыту, өзге облыстардың әкімдіктерімен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

Түркістанда бас қосты

Аталған шараға Туризм индустриясы комитеті және Kazakh Tourism ҰК АҚ басшылары, елі­міздің өзге облыстарының са­ла­лық басқармалары мен туризм қауымдастығы өкілдері арнайы қатысты. Іс-шара барысында Түр­кістан облысы бойынша, оның ішінде Түркістан қаласында салынып жатқан жаңа нысандарға, Отырар, Бәйдібек аудандарының туристік нысандарына ақпараттық тур ұйымдастырылды.

Сондай-ақ семинар-кеңес аясында Шымкент, Алматы қалаларымен және Алматы, Қызылорда облыстарымен, сонымен қатар Kazakh Tourism ҰК АҚ-мен туризм сала­­сын­дағы өзара түсіністік және ын­тымақтастық туралы мемо­ран­думға қол қойылды. Жи­ын­­ға қа­тысушылар туризм – Түр­кіс­тан облысы эконо­мика­сы­ның басым салаларының бірі еке­нін айтты. Әсіресе, бі­ре­гей сәулет-тарихи және архео­ло­гия­лық ескерткіштері, таң­ға­жайып табиғаты мен өзіндік мәдениеті бар өлкеміз өңірлік және халықаралық деңгейде туризм­ді дамыту үшін зор әле­ует­ке ие екені баяндалды.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан тек қаланың ғана емес, жалпы облыстың дамуына ерекше көңіл бөлініп келеді. Инфрақұрылымды жаңғырту аясында жұмыстар белсенді жүр­гізіліп, жаңа инвестиция­лар тартылуда. Одан бөлек, Түр­кістан қаласын Түркі әле­мінің мәдени және рухани астанасы және Орталық Азиядағы Ха­лықаралық туризм мен зиярат ету орталығы ретінде дамыту – бүгінгі таңда туризм саласын­дағы мемлекеттік саясаттың стра­тегиялық басымдықтарының бі­ріне айналды және осы бағытта мемлекеттік қолдау көрсету туризм­ді тұрақты дамытудың алғы­шарты болып отыр.