Технология • 27 Қазан, 2020

Дағдарыс кезіндегі SEO

149 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Дағдарыс басталып, бизнес шығындарды қысқартуға мәж­бүр болған кезде, жарнама бюджеттері әрқашан бі­рін­ші қатарға ілігеді. Алайда бұл үнемдеу сату нәти­же­ле­ріне жақсы әсер етпейді.

Дағдарыс кезіндегі SEO

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Ең алдымен, SEO дегеніміз не екенін анықтап алсақ, бұл ең арзан бағаны ұсынатын, бірақ инвестицияларды қажет ететін ұзақ мерзімді стратегиялық жарнама түрі.

Кәсіпкерлердің көп­ші­лі­­гінің алдында әсіресе ша­ғын және орта бизнес сек­то­рын­да табыс табу мақ­са­ты ғана емес, кәсіптерін банкротқа ұшыратпау жолдарын анықтау мәселесі тұр. Сондықтан қазіргі Covid-19 тудырған дағдарыс кезеңінде көпшілік жар­наманы уақытша тоқ­та­ту­да.

Әлбетте, шығындарды қыс­­қарту мақсатында жарнама шығындарын қайта бөлу не­­­месе азайту ұсынылады, бі­рақ SEO бюджеттерін со­ңы­на де­йін сақтау қажет. Мұның бірнеше себебі бар және оны мұқият қарастырған жөн.

Бірінші кеңес – бизнес мо­де­лін өзгерту. Мәселен, фитнес орталықтары мен би студиялары онлайн сабақтарын бастайды. Жылжымайтын мүлік агенттіктері әлеуметтік желі мен онлайн платформалар бойынша пәтерлерді көрсетеді. Жергілікті дәмха­на­­лар мен мейрамханалар же­ліде жұмыс істейтін көп­те­ген компаниялардың веб-сайттары мүлдем басқа бизнес-модельге арналған. Клиентті офлайн сату пунктіне апару немесе қоңырау шалу қажет болғанда, бірнеше беттен тұратын лендинг сайт жет­кілікті. Барлық қызмет қа­шықтан ұсынылатын жағдайда сайтқа қойылатын талаптар мүлдем басқаша. Оларды орындау үшін елеулі жаңашылдық қажет.

Тағы бір маңызды тұсы бар. SEO – салыс­тырмалы түрде арзан қызмет (контекстік жарнамадан бір­неше есе арзан), ал ол бас­қа жарнама арналарында ақша үнемдеуге көмектеседі. Жар­на­малық жұмыстармен қатар, сайттың конверсиясын арттырады. Бұл дағдарыстан кейін оңтайландырылған сайтқа келе­тін кез келген ақылы тра­фик көп пайда әкелетінін біл­ді­реді.

Мұндай өзгерістерді SEO ма­мандарымен бір­ге құ­рас­тыр­ған дұрыс. Опти­ми­за­торлар сізге бәрін дұрыс атқа­руға көмектеседі. Ішкі оңтай­ландыру мен ыңғай­лы­лық талаптарын, сол са­ла­да­ғы басқа компания­лар­дың тәжірибесін ескере отырып шешім қа­был­дайды. Әйтпесе, сізге жа­ңар­тылған сайт ұнайды, бірақ қолданушылар мен іздеу жү­йе­­лері сізге ұнамайтын болып шығуы мүмкін.

 Ғаламтор алға ілгерілеумен айна­лысқан кезде бизнесте әрдайым ұзақ уақыт рөл ой­най­­ды. Сондықтан SEO-ні жал­ғастыру немесе тоқтата тұру туралы шешім тек ағым­да­ғы жағдайды ғана емес, сонымен қатар алдағы айлар мен жыл­дарға деген болжамды да ескергені жөн. Әмбебап жауап жоқ, өйткені әр компанияның өз нарығы, өзінің күшті және әлсіз жақтары бар.