Қоғам • 27 Қазан, 2020

Қаражат жымқыру бойынша 46 қылмыс тіркелген

240 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Биылғы 9 айда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне жалпы саны 154 қылмыс тіркелген. Оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс – 109, ал жедел жолмен бүгінде 87 қылмыстық іс анықталып, өткен жылмен салыстырғанда өсім байқалған.

Қаражат жымқыру бойынша 46 қылмыс тіркелген

 

Жыл басынан бері бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша 46 қылмыс тіркелген. Анықталған қылмыстардың не­гізінде мемлекетке келтірілген залал­дың жалпы құны 1 млрд 142 млн теңгені құраған, оның 1 млрд 134 млн теңгесі, яғни 99%-ы өндірілген. Бұл деректер Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төраға­лығы­мен өткен Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл жөнін­дегі комиссия отырысында мәлім етілді. Комиссия отырысында сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалық жаңашылдықтар таныстырылып, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан атқарылған жұмыстар баяндалды. Алқалы жиын­да өңір басшысы Өмірзақ Естайұлы заңмен бекітілген өзгерістердің маңыздылығын алға тартып, ашық­тық принципі арқылы халық­қа қолайлы қызмет көр­сетуге айрықша басымдық беру қажеттігін жеткізді. «Өзіне се­нім­ді адам ғана ешнәрсе жасырмайды. Дұрысты – дұрыс, бұрысты бұрыс деу үшін ақиқат пен ашықтық қажет. Түркістан өңіріне қатысты жағымсыз, жалпы түсініктен арылуымыз керек. Керісінше, біз еліміз бойынша жемқорлықпен ұдайы күресіп, оны анықтап, алдын алудан алдыңғы қатардамыз. Жемқорлықпен пәрменді күрес нәтижелі. Бұл бағыттағы жұмыс күшейеді. Қылмыстың ашылуына ымырасыздық пен ашықтық әсер етеді», деді Өмірзақ Шөкеев.          Ал департамент басшысы­ның бірінші орынбасары Ми­рас Қарғабай 9 ай ішінде жүргі­зіл­ген ішінара талдаудың нә­ти­же­сін­де мемлекеттік ор­ган­дар­дың қыз­метінде норма­тив­тік-құқықтық ак­­тілер мен ұйым­дастырушылық-бас­қару­шы­лық қыз­меттегі бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін атады. Нақтырақ айтсақ, мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға тұр­ғынжай беруде кезектілікті сақ­тамау және мемлекеттік атаулы әлеу­меттік көмекті тағайындау бары­сында заңбұзушылық туын­дайтыны анық­­­талып, соған сәй­­кес тәуе­­кел­­­дерді жою мақ­са­­тын­да Департамент жол­­даған 73 ұсыныстың 58-і орын­дал­ғанын атап өтті. Сондай-ақ жиын­да «Түркістан – адалдық ала­ңы» жобалық кеңсесінің аясында об­лысқа қарасты әкімдіктердің жа­­ңа жұмыс үлгісіне көшуі не­гізінде өңір тұрғындары мем­ле­кеттік қызметтерді сапалы, жедел және кедергісіз алуына мүмкіндік беретін «сервистік әкімдіктердің» ашылу мәселесі талқыланды. Бү­гінгі күні жаңа үлгідегі әкімдік Түр­кістан, Кен­тау қалалары мен Созақ, Төлеби, Түлкібас, Келес аудандарында ашылған, осыған сәйкес комиссия отырысында облыс әкімі тарапынан барлық қала, аудандағы әкімдіктердің жыл со­ңына дейін «Сервистік әкімдік» үлгісіне көшуі бойынша нақты тапсырма берілді. Комиссия отырысында сөз алған Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбековтің ай­туынша, құқықбұзушылықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесуде «Тұрақты арнайы мобильді топ» тосыннан тексеру жұмыстарын кү­шейткен және бүгінгі күні қосымша тәлімгерлер, офицерлік және әйел­дер кеңесі жұмыс істеуде.

Агенттіктің облыс бойын­ша департаменті Тергеу басқар­ма­­сының өндірісінде 336 қыл­­мыс­тық іс болған, оның ішінде 190-ы облыстық департаментте тіркелген. Ми­рас Қарғабай өндірісте бол­ған істердің 254-і бо­йынша түп­кілікті процессуалдық шешім қа­­былданып, оның 94 ісі айыптау актісімен сотқа жолданғанын жет­кізді. Әрбір аяқталған іс бо­йынша алдын алу шарала­рын күн­делікті жүргізудің нә­ти­жесінде сотқа жолданған және ақтамайтын негізбен тоқтатылған істер бойынша заң бұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсы­ныстарды енгізу көрсеткіші 100%-ға жеткен. Атап айтқанда, 9 айда 83 ұсыныс жолданып, оның 70-і қаралып, 46 лауазымды тұлға, оның 13-і бірінші басшы түрлі деңгейдегі тәртіптік жауапкершілікке тар­тылған. Мекеме ұжымының қа­ты­суымен – 41, ал басшылардың қатысуымен  30 ұсыным қаралған, сотқа жолданған қылмыстық істер бойынша ұсыныстардың барлығы мемлекеттік органдарға жол­данған. Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимылда өзге де жолмен жәр­демдескен 10 тұлғаға 1,7 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілген. Агенттіктің 1424 Call-орталыққа Түркістан өңірінен хабар­ласқан азаматтардың бер­ген ақпараты арқылы 9 қылмыс­тық іс тіркелген. Жедел әрекет ету амалдарын жүргізудің нәти­же­сінде лауазымды тұлғалар па­­ра алу фактісімен ұсталып, 3 қыл­­мыстық іс сотқа жолданған. «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында облыс көлемінде жыл басынан бері 700 мыңға жуық адамды қамтыған, жалпы саны 1337 түрлі бағытта іс-шара өтті. Негізінен, бұл шаралар Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігі іске асы­рған жобалар шең­­­берінде өт­кізіліп келеді», деді Мирас Асқарбайұлы.

«Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы сатып алу саласына жүргізілген мони­торингтік жұмыстардың нәти­жесінде соңғы 9 ай ішінде жалпы сомасы 822 млн теңгеден астам бюджет қаражаты үнемдел­ген. Сондай-ақ департамент бас­шысының бірінші орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру әрбір ел азаматына жүктелген ортақ міндет екенін алға тартып, қандай да бір сыбайлас жемқорлық құқық­бұзушылық деректері туралы мәліметті тәулік бойы жұмыс істейтін Агенттіктің 1424 Call-орталыққа хабарлауға болатынын жеткізді.

 

Түркістан облысы