Аймақтар • 27 Қазан, 2020

Атырауда дарынды балаларды қолдайтын орталық ашылды

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық білім басқармасы жанынан "Таланттарды анықтау және қолдау орталығы"  ашылды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда дарынды балаларды қолдайтын орталық ашылды

"Орталықта оқушылардың қабілетіне қарай шеберлігін шыңдауға толық мүмкіндік бар. Мақсат – дарынды балаларға қолайлы жағдай жасау. Мамандар осы бағытта жұмыс істеп, елді елең еткізер нәтиже көрсететініне сеніміміз мол", дейді облыстық білім басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.

Оның айтуынша, бұған дейін аталған құрылым әдістемелік орталықтың "Дарын" бөлімі ретінде жұмыс істеді. Енді жаңа орталықта дарынды балалармен жұмысты жоспарлау, таланттыларды анықтап, оларды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан сүйемелдеу сынды қызмет түрлері жүзеге асыру көзделіп отыр. Сондай-ақ, жалпы білім беруге арналған пәндерден республикалық, халықаралық деңгейдегі зияткерлік іс-шаралар ұйымдастырылады.