20 Қараша, 2013

Ақынға арналған кеш

584 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еске алсақ, қане, өзге де ерен жандарды

Қазақ өлеңінде өзіндік өрнегі бар ақын Әділбек Абайділданов еді. Сол ақынға арналған кеш Қазақстан Жазушылар одағының Астана бөлімшесінің ұйымдастыруымен елордадағы Ұлттық академиялық кітап­­­­ханада өтті. Алғашқы сөзді бөлімше басшысы, Мемле­­кет­тік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы алып, таяуда ғана жарық көрген ақынның таңдамалы жинағы туралы ой толғады. Бұл еңбек өзге емес, артында қалған қызы Ботагөз бен күйеу баласы Жүнісбектің талпынысымен жарық көргенін тілге тиек етті.

Белгілі ақын Серік Тұр­ғын­беков ұмыт қалып бара жатқан ақынның артында қалған мұрасын жинақтап шығарған ұрпағына шынайы алғысын білдіріп, Әділбек Абайділдановтың өлеңдері мен поэмаларына талдау жасады. Әсіресе, бостандық жолында мерт болған «Қыран» поэмасындағы қыран тұлға­сына ерекше тоқталды. Одан кейін «Жарысқа жаратылған жарау аттай», деп «Әділбек туралы әуен» атты өлеңін оқыды. Қарымды қаламгер, көркемсөз шебері Сұлтан Оразалы «Әділ­бекті ес жиып еске түсіріп жатқанымыз игілікті іс. Әділбек сияқты замандастарымыз ұмыт қалып, тарихқа айналып бара жатқанда елгезектік танытқан мына қадам қай-қайсымызды да ойландыруы тиіс. Әділбек кескінді де, келбетті, сұлу торыдай сымбатты жігіттің төресі еді. Ол бар болғаны 44 жыл өмір сүрді. Бірақ артына қалдырған мұрасы мол. Мен осы арада ақынның небір айтулы тұстастары болғанын, олардың қатарында: Ізтай Мәмбетов, Бекен Әбдіразақов, Нұрсұлтан Әлімқұлов, Шәміл Мұхамеджанов, Еркеш Ибра­һим, тағы басқалар бар еді. Соларды да осылай еске тү­сіріп, кеш өткізсек, кейін­гі ұрпаққа таныстырсақ, аза­мат­тық парызымызды адал атқарған болар едік», деп сөз аяғын түйді.

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Қой­­­шығара Салғараұлы Әділбек Абайділдановтың сыршыл жырларына, әсіресе, ел мен жерді толғаған поэмаларына ерекше назар аударды. Режиссер Сәулебек Асылхан ақын өлеңдерінен үзінділер оқып, қаламгер Мәткәрім Әкімжанов кейіпкерлерге кеңінен тоқталды.

Кеш әнмен өрнектеліп, күймен көмкеріліп отырды.

Сүлеймен МӘМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар