Онлайн сыныптың ресми ашылуы онлайн форматта өтті. Оған “Әлем” Орск қаласының жергілікті ұлттық-мәдени автономися” қоғамдық ұйымының төраға орынбасары Бисенов Даурен, “Шашу” ұлттық қазақ анссамблінің шығармашылық төрағасы Зыряева Алла, “Отандастар қоры” КеАҚ жобалар координаторы Қалыбек Қобландин және консультант Нұрымжан Жұмағазиев қатысты.
Кездесуде онлайн қазақ сыныбының жұмыс миханизмі түсіндірілді. Сонымен қатар мұғалімдердің біліктіліктілігін арттыру курсы және Абай институты порталы туралы хабарлама берілді.
Аталмыш жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен “Отандастар қоры” КеАҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.