Аймақтар • 27 Қазан, 2020

Ақмола полицейлері енесінің атынан несие алған әйелді ұстады

514 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақмола полицейлері өзінің қайын енесінің атына, оның келісімінсіз онлайн қарыз ресімдеген әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола полицейлері енесінің атынан несие алған әйелді ұстады

Осындай алаяқтықтың тағы бір фактісі Зеренді ауданында тіркелді. 5 қазанда жергілікті полиция бөліміне 53 жастағы әйел арызданған. Оның айтуынша, 29 мамырда оның атына белгісіз біреу 75 мың теңге сомаға онлайн қарыз ресімдеген. Нәтижесінде, оның барлық мүлкі тәркіленді және оның ақшалай шоттары да бұғатталды, барлық жағдайларды анықтау үшін жәбірленуші дереу полицияға жүгінуге шешім қабылдады.

Аталған факті бойынша полиция Қазақстан Республикасы ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары Нұр-Сұлтан қаласында тұратын 20 жастағы әйелді анықтады. Ол өз кінәсін толық мойындады. Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушінің келіні болған. Осы жылдың мамыр айында келіні күйеуінің туыстарына қонаққа келіп, қарт әйелдің барлық құжаттарына қол жеткізді. Оған шұғыл түрде ақша керек болып, онлайн қарызды рәсімдеуді шешті. Алайда, берешекті төлеуді ұмытып кеткен, осындай жағдай болатынын ойламаған.

Полиция қызметкерлері, өкінішке орай, бұл оқиға облыста бірінші жағдай емес екенін атап өтті. Жыл басынан бері полицияға осыған ұқсас фактілер бойынша 300-ден астам азамат жүгінген. Барлық жағдайларда алаяқтар құжаттардың деректемелері және банк карталары бойынша онлайн қарыздар ресімдеген, оларды жәбірленушілердің өздері ұсынған. Көбінесе алаяқтар шағын несие ұйымдары жеке тұлғаның дұрыстығын тексеру рәсімін жүргізбейтіндігін және ұсынылған құжаттар, оның ішінде жоғалған құжаттар бойынша несиелерді беретіндігін пайдаланады.

Полиция департаменті осындай фактілердің алдын алу мақсатында тұрғындарды сергек болуға, жеке құжаттардың, банк карталарының, CVV-код пен парольдердің дербес деректерін мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы бермеуге шақырады.