Аймақтар • 27 Қазан, 2020

Алматыдағы автосервис отқа оранды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында автосервисте су жаңа 9 көлік өртеніп, 3 көлікке нұқсан келді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыдағы автосервис отқа оранды

Өрт бүгін М.Әуезов ауданындағы Ақсай-1 шағынауданындағы техникалық қызмет көрсету орталығында тұтанған еді. Өрттің салдарынан нысанда қатты жарылыс болды. Ангар типтес ғимараттың ішінен әрқайсысы екі 25 литрлік газ баллоны шығарылды.

"Ангарда 9 көлік тұрған. Барлығы өртеніп кетті. Жалыннан тағы 3 көлікке зақым келді", деді ТЖД өкілі.

Газ түтіннен қорғау қызметінің мамандары жоғары температураға қарамастан өртті сөндіру үшін ішке кірген болатын. Оқиға орнында өртті сөндіруге 60 адам, 13 техника жұмылдырылды. Соның арқасында қызыл жалын 55 минутта ауыздықталды. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.