Экономика • 27 Қазан, 2020

Кәсіпкерлерді салықтық тексерулер саны 60%-ға азайды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлеңкелі экономиканың төмендеуіне және бизнеске қысым жасауды жоюға әкелетін шаралар туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді.

Кәсіпкерлерді салықтық тексерулер саны 60%-ға азайды

Оның мәліметінше, 2020 жылдың 9 айында 7,2 мың салықтық тексеру жүргізілген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59%-ға немесе 10,4 мыңға аз.

Сонымен қатар, қосымша төлемдер мөлшері 118,8 млрд теңгені құрады немесе 5,4%-ға өсті. Өндіріп алу сомасы 58 млрд теңгені құрады немесе 19%-ға өсті.

"Республикалық бюджет түсімдерінің жартысынан көбі және іс жүзінде бүкіл Ұлттық қор ірі салық төлеушілер мен жер қойнауын пайдаланушылардан түседі. Осы салық төлеушілер тобы үшін бақылау әдістерін қолдану нәтижесінде жыл басынан бастап қосымша түсімдердің мөлшері 37,7 млрд теңгені құрады", - деді М.Сұлтанғазиев.