Аймақтар • 27 Қазан, 2020

Павлодар облысында ХҚО-лардың жұмысы қысқартылды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 26 қазандағы № 12 қаулысына сәйкес осындай өзгерту енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында ХҚО-лардың жұмысы қысқартылды

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Павлодар облысы бойынша филиалының барлық фронт-офистерінің (Халыққа қызмет көрсету орталықтары) жұмыс кестесі дүйсенбі - жұма сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі - сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін. Жексенбі, мереке күндері – демалыс", делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Павлодар облысында 27 қазанда облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді.