Естеріңізде болса, жуырда Нұр-Сұлтанда 2 жолаушы әуежайдан қашып кеткен еді.
"Оларға қатысты жеке мәлімет базада болды. Сондықтан жолаушыларды табу қиынға соққан жоқ. Оларды үйінен тауып, екі күнге стационарға жібердік. Мен Қазақстанға ПТР анықтамасыз келетіндерге қашып кеткен азаматтардан үлгі алмауға шақырамын. Себебі барлық жолаушыға қатысты мәлімет пен тиісті ақпараттық база бар. Жолаушыларды табу қиынға соқпайды", дейді С.Байғабылов
Айта кетейік, кеше Алматы қаласының санитар дәрігері Жандарбек Бекшин шетелде демалған қазақстандықтар коронавирус жұқтырып жатқанын айтты.