Қазақстан-Қытай шекарасында контрабандамен күрес күшейді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Игорь Тен Алматы облысы аумағындағы «Қалжат» кеден бекетінде мәлімдеді. Бүгінгі таңда «Бекет» атты жедел алдын алу шарасы аясында шекаралық бөлімше арқылы өтетін жүктерді және импорттық зат тасымалдайтын кәсіпкерлердің құжаттарын кеденшілер мұқият тексеруде. Нәтижесінде ҚХР-дан толассыз өткізілетін жүк саябырсып, бұрын күн сайын 100 көлікпен тасылатын қытай тауары 30-ға түсті.

Еліміздегі жағдайды талдау барысында осыған дейін Алматы облысы, Іле ауданында орналасқан «Алатау» кеден бекетінен импорттық зат өткізу үшін 200 декларацияға тапсырыс берілсе, қазір бұл көрсеткіш екі есеге төмендеді. Бұл заңсыз жолмен шетелдік тауар өткізуді тоқтататын уақыттың жеткенін білдіреді. Шыны керек, соңғы уақытта жалған құжат жасап импорттық зат өткізу және сол құжаттарында салықты аз төлеу үшін тасымалдайтын заттарының атын өзгертіп жазу секілді қылмыстар жиілеген. Алматы облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, сыбайласқан жемқорлық әрекеті үшін аталған департаменттің 8 қызметкері қызметінен босатылған. Жыл басынан бері 9 млрд. теңгенің экономикалық контрабандалық әрекетінің жолы кесіліп, бұл факт бойынша 400 қылмыстық іс қозғалған.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы облысы.
Суретті салған Айдарбек Ғазизұлы.