20 Қараша, 2013

Курстық даярлық аяқталды

310 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Отар» 40-әскери базасының оқу орталығында Қазақстан Қарулы Күштерінің кіші мамандарын оқытудың кезекті курсы аяқталды.

Дене даярлығы, мемлекеттік-құқықтық және жауынгерлік даярлық пәндері бойынша емтихандарды табысты тапсырған курсанттар алған мамандықтары бойынша әрі қарай кіші командирлердің лауазымдарында қызмет атқару үшін әскери бөлімдерге жіберілетін болады.

Курстық даярлықтан өтуге іріктеп алынған Қазақстан Респуб­­­ликасы Қарулы Күштерінің әске­ри қызметшілері жарты жыл бойы САУ2С-3 өздігінен жүретін артил­­­лериялық қондырғының зеңбірек командирі, механик-жүргізушісі, миномет командирі, барлау және нысана көрсету бастықтары, бө­лімше командирі – топогеодезис­­тер, командир-есептеушілер, жаяу әс­кер жауынгерлік машинасының ме­ханик-жүргізушілері, көз­деу­­ші-операторлары, БТР меха­­­ник-жүргізушілері, Т-72 танкі­нің механик жүргізушілері сияқ­ты ма­мандықтар бойынша дайын­дық­тан өтті.

Кіші командирлерді даярлау кезінде қарудың әр түрінен атуға, жауынгерлік машиналарды жүргізуге және курсанттардың дене даярлығын дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

Оқу орталығында даярлықтан өткен жас курсанттар білімдерін тек жауынгерлік даярлық пәндерімен толықтырып қана қоймай, түрлі іс-шаралар барысында өздерінің спорттық және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды. Жауынгерлік даярлық пәндері бойынша емтихандардан табыс­ты өткен курсанттарға курстық даярлықты аяқтағандары туралы куәліктер берілді.

Салтанатты шараның соңына қарай барлық қатысушыларға арналып Гарнизондық офицерлер үйінде концерт қойылды.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар