Парламент • 28 Қазан, 2020

Мәжіліс депутаттарына тікелей хат жазуға болатын арнайы сайт ашылды

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда Salemdeputat.kz сайт-жобасы іске қосылды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Мәжіліс депутаттарына тікелей хат жазуға болатын арнайы сайт ашылды

Оның басты мақсаты – азаматтарға өз депутаттарына тікелей сұрақ қоюға мүмкіндік жасау. Жоба әзірлеушілері - "Zertteu Research Іnstitute" ҚҚ айтуынша сайт мәслихат немесе ҚР Парламент Мәжілісі депутатына электронды ашықхат жолдауға мүмкіндік береді. Мысалы, ашықхат көмегімен ауыл, аудан, қала немесе ел бюджеті бойынша сауалдар жолдауға болады.

"Zertteu Research Institute" ҚҚ аналитигі Алтынай Нұркееваның айтуынша, "Әр жылы күзде еліміздің мәслихаттары мен Парламентінде келесі жыл бюджетнің жобасы талқыланады. Байқауымша, азаматтар бюджет жобасын талқылау процесіне қатыстырылмайды. Кейде тіпті, азаматтар елдің, облыс, аудан, қала, ауыл бюджетін өзі сайлаған депутаттар бекітетінін білмейді".

salemdeputat.kz сайтында ашықхат жолдау үшін төрт әрекет жасау жеткілікті – ашықхат таңдау, хат мәтінен жазу, тізімнен депутатты таңдау және жолдау. Хат депутаттың электронды поштасына түседі.