Аймақтар • 28 Қазан, 2020

Қостанайда елік атқан браконьерлер ұсталды

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында полицейлер екі браконьерді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанайда елік атқан браконьерлер ұсталды

24 қазанда рейдтік іс-шаралар өткізу барысында Қарабалық аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Аққұдық ауылының маңында  “ВАЗ-21093” маркалы автокөлігін тоқтатқан, автомашинада Қарабалық кентінің екі тұрғыны болған, көлікті тексеру кезінде  жүксалғышынан сібір еліктері мен тіркелмеген мылтық табылды. Заңсыз аң аулау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 1-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер тіркелмеген мылтық пен “ВАЗ” автомашинасын тәркіледі.

"Полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алуға және  жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шараларды үнемі өткізіп тұрады. ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен құстарды заңсыз аулағаны үшін азаматтарға әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген. Мемлекетке келтірілген залал өтеледі", – деп атап өтті облыстық ПД  табиғатты қорғау полициясы бөлімінің аға инспекторы Ғазретғали Әлімғазин.