Италияда бір тәулікте COVID-19 жұқтырған 221 адам қайтыс болды. Бұл 15 мамырдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ, 27 қазанда коронавирус жұқтырған 21 мың 944 адам анықталды, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 5 мың жағдайға көп.
Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, дүйсенбіден бастап Италия үкіметі шектеулерді күшейтті: елдегі барлық кинотеатрлар, театрлар және спорт залдар мен бассейндер жабық тұр.