Экология • 28 Қазан, 2020

Мағзұм Мырзағалиев: Экологиялық төлемдер табиғатты қорғау іс-шараларына жұмсалады

543 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Парламент Мәжілісінде Экологиялық кодекс жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz

Мағзұм Мырзағалиев: Экологиялық төлемдер табиғатты қорғау іс-шараларына жұмсалады

Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев депутаттарға тиісті құжатты таныстырды.

Жаңа кодекс қоршаған ортаның ахуалын жақсартуға бағытталған. Құжаттағы маңызды нормалардың бірі – "ластаушы төлейді" принципі. Сонымен бірге ол өндіріске ең озық қолжетімді технологияларды енгізудің арқасында еліміздегі экологиялых ахуал жақсаратынын атап өтті.

Заң жобасында жергілікті атқарушы органдар түсетін экологиялық төлемдердің есебінен 100% пайыз көлемінде табиғатты қорғау іс-шараларына қаржы бөлуге міндетті екендігі көрсетілген.

Заңсыз қоқыс тастау мәселесін жүйелі түрде шешу үшін жаңа Экологиялық кодексте қоқыс шығаратын көліктерге GPS-датчиктерді міндетті түрде орнату мәселесі көзделген.