Қазақстан • 28 Қазан, 2020

ЕҚЫҰ Парламент Мәжілісіне сайлауды байқауға дайындықты бастады

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Парламент Мәжілісіне сайлауды байқауға дайындықты бастады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЕҚЫҰ Парламент Мәжілісіне сайлауды байқауға дайындықты бастады

Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан 2021 жылғы 10 қаңтарда болатын Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына байланысты Қазақстанға келген ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлау бойынша аға кеңесшісі Алексей Громов бастаған Қажеттіліктерді бағалау жөніндегі ЕҚЫҰ миссиясының өкілдерін қабылдады.

Қажеттіліктерді бағалау жөніндегі миссиялар ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерге сайлау алды ахуалды талдау және сайлауға дайындық мәселелерін нақтылау мақсатында сайлауға бірнеше ай бұрын мерзімде дәстүрлі түрде барады. Олардың міндеттерінің бірі ДИАҚБ тарапынан сайлауды бақылаудың неғұрлым қолайлы форматы бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Кездесу барысында тараптар COVID-19 пандемиясы жағдайында халықаралық бақылаушыларды аккредиттеу рәсімін егжей-тегжейлі талқылады.