Меморандумға министрліктердің жауапты хатшылары Жанат Қожахметов пен Бақытжан Темірболат қол қойды.
Министрліктер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудағы шараларды қамтамасыз ету және жүргізу бойынша бірлескен және келісілген іс-шаралар жүргізеді.
Ынтымақтастықтың мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыруға, парасаттылық, ашықтық және әдептілік идеологиясын ілгерілетуге; Министрліктер мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының базасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған бірлескен және келісілген іс-қимылдарды әзірлеу және іске асыру болып табылады.
Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігі арасында "Адалдық алаңы" жобасы аясында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше