Аймақтар • 28 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанда "Сергектегі" мәліметтер базадан шығарылып отырған

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтандағы құқықбұзушылар "Сергек" камераларының деректер базасынан шығарылған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Нұр-Сұлтанда "Сергектегі" мәліметтер базадан шығарылып отырған

"Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығының лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар қылмыстық іс қозғалды, олар "Сергек" камералары тіркеген әкімшілік құқықбұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне бұрмаланған деректерді жүйелі түрде енгізу арқылы құқықбұзушыларды жүйелі түрде жауапкершіліктен босатып отырған. "Сергек" базасынан көптеген құқықбұзушылықтар есептен шығарылды", - деді Astana - аdaldyq аlany брифингінде Шыңғыс Қабдолла.