Туризм • 29 Қазан, 2020

Өңірлік туристік өнімді дамытудың жаңа кезеңі

491 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

COVID-19 және халықаралық авиақатынастың тоқтауы Қазақ­станда ішкі туризм ағынын жақ­сартуға мүмкіндік берді. Жуыр­да «Атамекен» ҰКП Туристік сала комитетінің отырысы өтіп, онда кәсіпкерлер және салалық қауым­дастықтар ішкі туризмнің дамуына қатысты пікірлерін ортаға салды.

Өңірлік туристік өнімді дамытудың жаңа кезеңі

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»

 

KITO TRAVEL компаниясының жетекшісі Жазира Жанкина Қарағанды облысындағы туристік нысандарға назар аударуға шақырды. Оның айтуынша, Турпакеттерге Қарқаралы, Ұлытауға баруды қосуға болады. «Осы орындарға бара жатып, автомобильдерді утилизациялау зауытына кіріп шығуға болады. Бірақ осының барлығын сату үшін басқа өңірлердегі туроператорларды да тарту керек және ақпараттық турларды өткізуде қолдау қажет», деді ол.

«Карат-тур» ЖШС директоры Гүл­бану Бекбосынова Атырау өңірі мұнайлы өлке болып саналғанымен, турбизнес қонақтарына Қазақстан үшін сирек құбылыс – лотостың гүлдеуін ұсына ала­тынын айтады. «Бұл өте тартымды туристік өнім, оған ресейлік туристерді әкелуге болады. Алайда Атырау – Ас­трахан тасжолы тым нашар жағдайда», деді Гүлбану Бекбосынова.

Ішкі және көшпелі туризм қауымдас­тығының төрағасы Альбина Веймер және «ТУИ Қазақстан» коммерциялық директоры Салтанат Омарова өңірді зерттеу және оған шетелдік туристерді тарту мақсатында ақпараттық турларды ұйымдастырудың маңызын атап өтті. «Мәселен, Таразда биыл көптеген қызықты туристік орын пайда болды. Өңіріміз киелі жерге бай болса да, биыл ТОП-10-ға кірмеген. Біздің өңіріміз туралы көбірек білу үшін ақпараттық турларды өткізуді қолдаймын», деп ұсыныс білдірді Альбина Веймер.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төраға­сының орынбасары Юлия Якупбаева оқиғалық күнтізбеге қайта оралып, өңір­лерде туристік жаңа нысандардың үздік ондығын біртіндеп кеңейтуді ұсынды.

«Бүгінде саяхаттау және әлеуметтік желіге түрлі-түсті суреттерді салу сәнді трендке айналды. Бірақ туристерге бағдар керек. Жапония көп жылдар бойы туристерді сакураның гүлі арқылы тартып келеді. Қазақстан бойынша көздің жауын алатын табиғат тамашаларының көп­тігін ескерсек, жыл бойы турист тар­туға мүмкіндігіміз бар. Мәселен, турис­тер ерте көктемде Жамбыл облысында жауқазынның, мамырда Алматы облысында қызғалдақтар мен алма ағашының, тамызда Шығыс Қазақстандағы күнб­а­ғыстың пісуі, қыркүйектің басы – батыс­та лотостың гүлдеуін тамашалай алады. Со­нымен қатар жүзім, алма, асқабақтың пісуін де күнтізбеге қосуға болады», деп атап өтті Юлия Якупбаева.

Туристік сала өкілдері жаңа өнімдер­дің қалыптасуына сапалы жолдың және басқа да инфрақұрылымдардың болмауы жиі кедергі келтіретіндігіне назар аударды. Мәдениет және спорт минис­тр­лігі Туризм индустриясы комитетінің төр­ағасы Дастан Рыспеков биыл минис­трлік Ұлттық палатамен бірлесіп, «Жұ­мыс­­пен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында туристік индус­трия жо­баларын ілгерілеткені жайында атап өтті.

«Атамекен» ҰКП тарапынан аталған бағдарламаға туризм бойынша жобаларды қосу біз үшін жақсы ұсыныс болды. Бірінші кезекте жергілікті атқару­шы органдар әлеуметтік жобаларды ілге­рі­летуге тырысады. Егер туризм са­ла­­сы бағ­­дарламаның бір инди­каторы болса, жо­балар санын екі есе арт­тыруға болады», деді Дастан Рыспеков.

Еуразия туризм қауымдастығының жетекшісі Рысты Қарабаева ұсынысты қолдап, «Kazakh Tourism ҰК» АҚ турис­тік нарық және Ұлттық палатамен бір­лесіп, өңірлік ресурстар, өңірлік турис­тік өнім және туроператорларға қатысты жұмысты және маркетингті қолға алу қа­жеттігін айтты. Kazakh Tourism ұлттық ком­паниясына ішкі нарықты дамыту және Қазақстанды шетелде жарнамалау­да теңгерім табу қажет екенін ұсынды.

Жиын барысында Kazakh Tourism АҚ өткен жылдың есебін беріп, 2020 жылы туристік саланы дамытуға бағытталған жобалар туралы айтты. 2020 жылы ұлттық компанияға отандық туристік өнімді дамыту және ілгерілету іс-шараларына

1 млрд 793 мың теңге бөлінген. Басқарма төрағасы Ержан Еркінбаевтың айтуынша, бес жоба ішінде – қазақстандық туристік нысандарға арнап стандарттарды дайындау, соның ішінде Қытай, Италия және Швейцария сапа стандарттарына талдау жүргізу бар.

«Қауымдастықтармен бірге барлық модельді қарадық, бізге Қазақстанға сай жеке стандарттар моделі керек деген ойға келдік және бизнес-қоғамдастықпен бірге осындай модельді дайындау бойынша жоба жүргізіп жатырмыз. Ұлттық палатамен бірлескен «Жол картасы» аясында каталог пен интерактивті картаны қалыптастыру мен туристік маршруттарды түгендеу бойынша жұмыстар басталды, онда өңірлердің барлық оң және теріс жақтарын көрсететін болады. Жыл соңына дейін санаторий-курорттық өңірлерді түгендеу, елдегі қолөнерді зерттеу бойынша кәсіпкерлерге арналған жұмыс және анықтамалық материалдар ұсынылады», деді Ержан Еркінбаев.

Салалық қауымдастық аграрлық туризм субъектілеріне арналған егжей-тегжейлі нұсқа таныстырады. Жұмыс Түркістан, Ақмола, Алматы және Жам­был облыстарында жүргізіліп жатыр. 2020 жылы қазақстандық мектеп­терде осы салаға қатысты арнайы сабақтарды енгізу тәжірибесі бойынша жұмыс басталған. Бұл аймақтардың табиғи, мәдени, тарихи, өндірістік және ғылыми әлеуетіне негізделген әртүрлі оқу бағ­дарламаларына сәйкес жасалған экс­курсиялар мен турлар ұйымдастыру да қолға алынып жатыр. Пилоттық жобада 500-ден астам мектеп оқушысы тар­тылатын 3 өңірде экскурсиялар жос­парланған.

«Биыл пандемия барлық салаға өзгеріс енгізгені белгілі. Сондықтан бізде роуд-шоуға қарастырылған қаражатты бірнеше жобаға бөлу керек деген ұсыныс болды. Шоуды онлайн форматта өткіземіз, осы мәселені сіздермен талқылап, жыл соңына дейін жүзеге асырылуы мүмкін бірнеше шараны таңдай аламыз», деп ұсынды Kazakh Tourism Басқарма төрағасы.

«Бастысы, жобаларды аяғына дейін жеткізу керек, сондықтан нақты КРІ бойын­ша жұмыс істеген жөн. Нысандары бар картаны жай ғана құрып немесе қолөнер, стандарттар, агротуризм талдауын жүргізу ғана емес – нақты жобаларды іске асыруды тапсырамын. Цифрландыру бойынша жобаларға келер болсақ, мақсатты хакатондарға өту керек. Осы ретте ІТ нарық әлеуетімен қоса, туристік нарық, дизайнерлер, маркетологтердің кәсіби біліктілігін пайдалану қажет», деді Юлия Якупбаева.

Жиын соңында Kazakh Tourism, «Атамекен» ҰКП мен бизнес қоғамдастық жыл соңында өңірлердің дамуын ескере отырып, іс-шаралар мен компанияның 2021 жылға арналған бюджетін бірлесіп жоспарлауға уағдаласты.