Футбол • 29 Қазан, 2020

«Реал» екі ойында бір ұпай олжалады

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Чемпиондар лигасының екінші тур ойындары басталды. Бәсе­кенің алғашқы күнінде 4 топтың командалары өзара кездесті.

«Реал» екі ойында бір ұпай олжалады

А тобында өнер көрсететін Мадридтің «Атлетикосы» өз алаңында «Зальцбург» клубын қабылдап, тең ойынды қанағат тұтты. Топтағы екінші ойында «Бавария» қонақта Ресейдің «Локомотив» командасын 2:1 есебімен жеңді. В тобындағы екі ойын да тең нәтижемен аяқталды. Өткен турда «Шахтёрден» жеңілген «Реал» бұл жолы «Боруссия М» (2:2) клубынан ұтылып жатып, соңғы минуттарда есепті теңестіріп кетті. Ал «Интер» Донецкіде «Шахтёр» (0:0) қақпасына гол соға алмады.

С тобындағы фаворит командалар еш қиын­дықсыз жеңіске жетті. «Манчестер Сити» сырт алаңда «Марсель» клубынан (3:0), «Порту» өз жерінде «Олимпиакостан» (2:0) ба­сым түсті. D тобында бақ сынайтын «Ливер­пуль» екінші құрам ойыншыларымен «Мид­тьюлландты» (2:0) қапы қалдырса, «Аталанта» мен «Аякс» (2:2) ойынында же­ңімпаз команда анықталмады.