Спортшылардың салмақ дәрежесіне қарамай жасалатын рейтингтің көшін бұған дейін жартылай орта салмақтың бұрынғы чемпионы Джон Джонс бастап тұрған еді. Ал жаңарған рейтингте ол екінші орынға түсіп қалды. Үздік үштікті орта салмақтағы чемпион Исраэль Адесанья түйіндеп тұр.
Жуырда ғана БАӘ-де ұйымдастырылған UFC 254 турнирінде Нурмагомедовтен жеңілген америкалық Джастин Гэтжи рейтингте үш саты төмен сырғып, 10-орынға тұрақтады. Сондай-ақ ресейлік спортшының бұрынғы қарсыласы Конор Макгрегор 11-орында болса, Тони Фергюсон 13-орынға жайғасқан.
Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов өзінің 29-жекпе-жегінде Гэтжиді жеңгеннен кейін спортпен қоштасатынын мәлімдеген болатын.