Спорт • 29 Қазан, 2020

Жетінші кезеңде екінші болды

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Велоспорттан Испанияда өтіп жатқан «Вуэльта» велокөпкүндігінің жетінші жарыс күні мәресіне жетті. Бұл кезеңде «Астана» командасының өкілі мәре сызығын екінші болып кесті.

Жетінші кезеңде екінші болды

Витория және Виллануэва де Вальдеговия қалаларының арасында өткен жетінші жарыс күнінде 34 жастағы канадалық велошабандоз Майкл Вудс (EF Pro Cycling) топ жарды. Ол 159,7 шақырымды 3 сағат 18 минут 16 секундта жүріп өтті. Вудстан 4 секунд қалып қойған «Астана» командасының спортшысы Омар Фраиле екінші орынды иеленсе, испаниялық Алехандро Вальверде (Movistar Team) үшінші орынға табан тіреді.

Жеті кезеңнің қорытындысы бойынша жалпы есепте эквадорлық Ричард Карапас (Team INEOS Grenadiers) көш бастап келеді. Ал «Астана» өкілдерінен ең жақсы нәтиже Горка Исагирре (14-орын) мен Александр Власовқа (21-орын) тиесілі.