Қазақстанға жеткізіліп отырған ауыз судың көлемі 1 пайызға, ал ішуге жарамсыз судың көлемі керісінше, жыл ішінде 2 пайызға өскен. Әлем елдерінің тұтынылатын судың сапасы денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін клиникалық тіркелген оқиғаларды есепке алатын рейтингінде Қазақстан 179 орынның ішінде 54-ші орында тұр.
Қазақстан Республикасында ауыз су сапасының индексі 100-ден 55,8 көрсеткішін құраған. Рейтингте бірінші орынды көрсеткіштері жоғары 10 ел алған: Австрия, Финляндия, Грекия, Исландия, Ирландия, Мальта, Нидерланды, Норвегия, Швейцария және Ұлыбритания.