Аймақтар • 29 Қазан, 2020

Арал ауданында аңға шыққан тұрғын іздестірілуде

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының Арал ауданында төтенше жағдай мамандары мен полиция, жергілікті әкімдік қызметкерлері аңға кетіп, оралмаған адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арал ауданында аңға шыққан тұрғын іздестірілуде

Кеше осы аудандағы Қаратерең елді мекенінен Арал теңізіне қарай үш адам құс атуға шығады. Бірнеше сағаттан кейін аңшылардың бірі жоғалып кетіп, қасындағы серіктері оны іздеуге кірісіпті. Хабарсыз кеткен 46 жастағы азамат Ақтөбе қаласынан келген болып шықты. 

Бүгінгі іздеу жұмыстары "Көкарал" бөгетінен басталды. Іздестіру жұмыстарына Қызылорда облысы Өрт сөндіру қызметі Жедел-құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 техника, жергілікті полициядан 8 қызметкер, 2 техника және аудан әкімдігінен 5 қызметкер, 2 техника жұмылдырылып отыр.

Іздеушілер бөгеттен
30 шақырымға дейін ұзап, көл маңайындағы батпақты аумақты шолып шықты.

 

Қызылорда облысы