Оқиға • 30 Қазан, 2020

Батыр қыз бауырларын өрттен құтқарды

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында 16 жастағы жасөспірім қыз екі сіңлісі мен бір інісін өрттен құтқарып қалды.

Батыр қыз бауырларын өрттен құтқарды

Өрт түн ортасында басталған. Оны жасөспірім қыз бала бірінші байқаған. Тұра сала өзі жатқан бөлменің терезесін сындырып, 5, 6 және 9 жастағы бауырларын бірінен соң бірін сыртқа алып шыққан. Басқа бөлмеде жатқан шешесін қою түтін арасынан таба алмапты. Кейін өрт сөндірушілер 37 жастағы келіншекті қолына телефон тұтқасын ұстаған күйінде сыртқы есіктің алдынан тауыпты.

– Шарафутдинов көшесіндегі №5/2 үйдің жанып жатқаны жөнінде хабар Жәнібек аудандық өрт сөндіру қызметі кезекші-диспетчерлік бөлімінің пультіне 27 қазан күні сағат 02.12-де түс­ті. Өрт сөндірушілер екі пә­терлі үйдің екінші бөлігін қы­зыл жалыннан сақтап қалды. Ал­дын ала болжам бойынша өрт электр жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамаудан шыққан болуы мүм­кін, – дейді Батыс Қазақстан об­лыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Жасұлан Жұмашев.

Төрт сағат ішінде өрт толық сөндірілді. Өрт сөндіруге 7 қыз­меткер, 2 арнайы көлік қатысқан.

Өкініштісі, балалардың анасы, 1983 жылы туған Аида Тө­леуова түтінге қатты уланып қал­ған екен. Ауруханаға жедел жеткізілгенімен, есін жимастан қайтыс болған. Отағасы жол құрылысында «КамАЗ» жүк кө­лігін жүргізеді, оқиға кезінде жұ­мыста болған.

Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жасөспірім қыздың жанқиярлық ерлігін мемлекеттік наградаға ұсынамыз деп отыр.

 

Батыс Қазақстан облысы