Бизнес • 30 Қазан, 2020

Бизнестің сәтті бастауы

480 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы облысы Талғар қаласында тұратын отбасы өз өңірінде ешкі сүтінің тапшылығын көріп, осы өнімді сату бойынша бизнес ашты. Кәсіпкерлік қызметін Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатқан қолдау шаралары арқылы бастаған.

Бизнестің сәтті бастауы

Қамар Молдабекова декретте жүргенде ешкі сүтін сатумен айналысуды шешіпті. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өткен жас азаматша 7 бас ешкі сатып алады.

«Біз баламызға ешкі сүтін бермек болдық. Бірақ біздің қа­ламызда оны алу қиынға соқ­ты: 1 бөтелкесін 15 мыңға са­тып аласың немесе басқа жақ­қа баруға тура келді. Бұл, бірін­шіден, ыңғайсыз, екіншіден, өнім­нің жоғары сапасына ке­пілдік бермейді. Сондықтан біз өзіміз үшін бір ешкі алдық. Сосын неге осы нәрсемен айналысып көрмеске деп ойландым. Міне, мамыр айында маған грант берді, шілде айында сата бастадық. Әзірге адамдар біз туралы бір-бірінен естіп-біліп жатыр, бірақ ісімізді одан әрі кеңейтуді және өнім жеткізуді қолға алуды жос­парлап отырмыз», деді келіншек.

«Бастау Бизнес» жобасының тағы бір қатысушысы тек грант­­пен шектелмеуге ше­шім қа­былдады. Аманжол Сабдан­беков үлкен жоспарлар құра отырып, алдымен грант есебінен ТБС ашып, нарықта ор­нығып алды. Содан кейін биз­нес­ті кеңейту қажеттілігін не­гіздеп, «Еңбек» мемлекеттік бағ­дар­ламасы шең­берінде өз жобасын іске асыруға жеңілдетілген кре­­дит алды.

Алматы облысының Жұмыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар бас­қар­ма­сының ақпараты бойынша, биыл өңірде «Еңбек» мемлекеттік бағ­дарламасына 48,7 мың адам қатысты. 33,2 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 16,7 мың адам тұрақты жұмысқа тұрды. 1 659 адам грант, ал 815 адам өз ісін дамытуға микрокредит алды. Кәсіпкерлік негіз­деріне оқыту мақсатында «Бастау Биз­нес» жобасына 3 639 адам қатысты.

Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты аясында 1 343 адам субсидияланатын жұмыс орындарына, 1 793 түлек жастар практи­касына жіберілді, 18 717 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сонымен қатар 2 458 адам қысқа мерзімді кә­сіптік оқуға және 1 535 адам тех­никалық және кәсіптік оқуға жі­берілді.

Бұдан бұрын хабарлағандай, биыл Қазақстан бойынша «Ең­бек» бағдарламасына 526 мың­нан астам адам қатысып, түрлі қолдау түрлерін алды. 338,2 мың адам жұмысқа орналастырыл­ды, оның ішінде тұрақты жұмысқа 189,4 мың адам, мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына 187,3 мың адам жұмысқа орналастырылды. 9,6 мың же­ңілдетілген кредит және 38 мың қай­тарымсыз грант берілді. «Бастау Бизнес» жобасы бо­йын­ша кәсіпкерлік негіздеріне қысқа мерзімді оқытудан 33,2 мың адам өтті.