Хоккей • 30 Қазан, 2020

«Барыс» тағы жеңілді

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лига­сының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын сыртта өткіз­ген Нұр-Сұлтанның «Ба­рысы» Сочидің «Сочи» ко­ман­дасынан жеңіліп қалды.

«Барыс» тағы жеңілді

Новосібір қаласында «Си­­бирьден» жеңілгеннен кейін «Ба­рыстың» бапкерлері құра­маға аздаған өзгеріс ен­гізген-ді. Алайда одан еш нәтиже шық­қан жоқ. Бір қызығы, бұл бәсекеде де хок­кей­шілер бірінші кезеңде гол соға алмады. Екінші кезең бас­­талған бетте мұзайдын иеле­рінен Мальте Стрёмвалль 21-минутта жылдам гол соғып, есеп ашты. Екінші 20 ми­нутты сәтті бастаған «Сочи» ой­ыншылары кезең аяқталар тұста да «Барыс» хоккейшілерінен айласын асырып кетті. Бұл жолы Да­ниил Ми­­ро­манов мергендігімен көз­ге түсті.

Үшінші кезеңде жер­лес­теріміз жақсы ойын өрнегін көр­сеткенімен, бұл кездесуде гол соғу бақыты бұйырмады. Жерлестеріміз қарымта шайба соғамыз деп жүргенде «Сочи» біздің қақпаға үшінші шайбасын салып кетті. Матчтың соңғы минутында Даниил Мироманов бос қалған қақпаны дәл көздеп, дубль авторы атанды.

«Барыс» тұрақты бірін­шілік­тегі келесі кездесуін бү­гін Нұр-Сұл­танда Қытайдың «Кунь­лунь» командасымен өткізеді.