Коронавирус • 30 Қазан, 2020

Коронавирустың тағы бір жаңа симптомы анықталды

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Массачусетс ауруханасының зерттеушілері Халықаралық дерматологиялық қоғамдар лигасымен және Америкалық дерматология академиясымен бірлесе отырып, коронавирус жұқтырған адамдарда ұзақ уақыт терісімен проблема болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Коронавирустың тағы бір жаңа симптомы анықталды

Онда терісі түрлі өзгеріске ұшыраған COVID-19 жұқтырған 1000 адамның талдауы қаралған. Олардың ішінде коронавирус жұқтырған болуы мүмкін 224 адамда және 90 расталған жағдайда осыған ұқсас белгілердің ұзақтығы (12 күн) туралы ақпарат бар. Алайда зерттеушілер тері белгілері едәуір ұзақ уақытқа - кем дегенде 60 күнге созылған бірнеше пациентті тапты. Тағы екі адамда - ұзақтығы 130 күннен асқан.

Telegraph мәліметінше, халықаралық дерматологиялық тізілімде аяғында тері ауруының диагнозы қойылған, коронавирус жұқтырып, сауығып шыққан науқастар туралы мәліметтер бар. Мұндай пациенттердің жартысына жуығының аяғы қабынып, олардың шамамен 16 пайызы ауруханаға жатқызылған.