Аймақтар • 30 Қазан, 2020

Семей тұрғындары тегін құқықтық кеңес алды

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 қазанда елімізге танымал адвокат және құқық қорғаушы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының штаттан тыс кеңесшісі Айман Умарова "Adal kómek" жобасы шеңберінде және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі Сабирбаев Данияр Семей қаласының сервистік әкімдігінде өңір халқының әлеуметтік осал топтары үшін тегін заң кеңесін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семей тұрғындары тегін құқықтық кеңес алды

Адвокат Айман Умаровамен кездесуде өңір тұрғындары "халық заңгеріне" өз алғыстарын білдіріп, аталған жобаның қажеттілігі туралы айтты. Консультациялар онлайн режимінде де, офлайн форматта да өтті. Барлық сұрақтарға тиісті жауаптар мен ұсыныстар берілді.

Тәжірибе көрсеткендей, азаматтардың көпшілігі өздерінің құқықтары бұзылған кезде кіммен байланысатындығын, қай мемлекеттік органның құзыретіне оның сұрақтары кіретінін және шағым беру тәртібін білмейді. Бірақ өтініштің қаралу нәтижесі хаттың дұрыс даярлағанына және тиісті органға жолдауына байланысты.

Осыған байланысты, "Еріктілер жылы" аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) "Adal kómek" жобасы іске қосылды, оның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Волонтер ретінде Агенттік қызметкерлері, тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, сондай-ақ студенттер, магистранттар, докторанттар, ЖОО заң факультеттерінің оқытушылары халыққа өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша тұрақты негізде тегін кеңес береді.

Іс-шарада адвокат сондай-ақ Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен елімізде заңгер Айман Умарованың құқықтық онлайн-мектебі жұмыс істейтінін, онда қазақстандықтар үздік заңгерлердің тегін онлайн-консультацияларын ала алатынын айтты.