Аймақтар • 30 Қазан, 2020

Атырауда наурыздан бері 11794 сәби өмірге келді

722 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Атырауда наурыздан бері 11794 сәби өмірге келгенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда наурыздан бері 11794 сәби өмірге келді

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 538 сәбиге көбейіп отыр.

"Биылғы 1 наурыздан бері 11 794 бала көмірге келді. Тәуліктік орташа есеппен 25 ана босанды. Коронавирус пандемиясы кезінде облыстық перинаталдық орталық жанынан 30, Атырау қалалық перзентханада 8 кереуеттік провизорлық стационар жасақталды. Коронавирус инфекциясы анықталған әйелдер аталған стационарларда босанды. Аналардың балаларынан қауіпті індет анықталмады" деп хабарлады облыстық  денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.