"Атап айтар болсақ, инвестициялық мақсаттар үшін 3 жылға 20 млн, айналым қаражатын алу үшін 2 жылға 5 млн теңгені құрайды. Жалпы "Даму" қорының тарапынан берілетін кепілдік 85 %, қалған 15% екінші деңгейлі банк арқылы өтеледі", - деді Мұқанбетжан Көбеген.
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының басшысы Гүлжан Қалымбетованың айтуынша, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары беретін шағын несиелерге портфельдік субсидиялар мен кепілдіктер механизмі қолданылады.
"Мәселен, осы бағыт аясында кәсіпкер 20 млн теңге болатын несиені қосымша кепілдіксіз, Даму қорының кепілдігіменғана алу мүмкіндігіне ие болды.Банк, болмаса микроқаржы ұйымы несиені 17,5% береді, оның 6% кәсіпкер төлеп, 11,5% "Даму" қоры арқылы субсидияланады. Жаңа механизм аясында қаржы ұйымдары субсидиялау және кепілдендіру бойынша шешімді өздері қабылдайды, бұл өз кезегінде өтінімді қарастыру уақытын қысқартады" , - деді "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының басшысы Гүлжан Қалымбетова.
Айта кетейік, осы жеңілдіктерді алу үшін, алдымен кәсіпкердің несие тарихы тексеріледі. Бағдарламаға қатысу үшін банкке немесе микроқаржы ұйымына жүгіну қажет.