Биткоинның бағасы 14 000 доллардан асып түсті. Мұндай жағдай 2018 жылдың қаңтарынан бері алғаш рет тіркеліп отыр.

Coinmarketcap.com криптобиржасының деректеріне сүйенсек, 2020 жылдың 31 қазанында криптовалюта бағасы бірден 300 долларға көтеріліп, 14 027 долларды құраған. Алайда бұл ұзақ сақталған жоқ, іле 13 680 долларға дейін төмендеді.
Десе де, криптовалютаның шамамен үш жылдан кейін 14 000 долларға көтерілуі нарықтағы ойыншыларды бір серпілтіп қойды. Соңғы рет 2018 жылдың қаңтарында 1 биткоин 14 000 доллардан жоғары сомаға бағаланып еді. Жалпы, бұл өнімнің бағасы бір кездері 20 000 долларға дейін көтерілгенін жақсы білеміз. Ал одан кейін құлдырау кезеңі басталды.
2020 жылдың қазан айында биткоин шамамен 25 пайызға қымбаттаған. Сәуір айынан бері мұншалықты өсім тіркелген емес.
Криптовалюта бағасының өсіміне бірнеше фактор әсер етуі мүмкін. Бірінші кезекте компаниялар тарапынан қызығушылықтың артуы. Белгілі болғандай, қазан айында Square төлем сервисі 4 709 биткоинды сатып алу үшін 50 млн доллар жұмсаған. Бұдан бөлек, PayPal төлем сервисі пайдаланушыларға криптовалютамен есеп айырысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар JP Morgan банкі өткен аптада төлем жасау үшін JMP Coin цифрлық валютасын алғаш рет пайдалануға шешім қабылдады. Сондықтан осы факторларды ескерген биткоинның жақтаушылары мұндай өсім тұрақты сақталарына сенімді.
Сондай-ақ өткен аптаның АҚШ қор нарығы үшін қолайсыз болғанын білеміз. Белгілі бір деңгейде бұл жағдай да биткоинның өсіміне әсер етпей қойған жоқ. Мәселен, Dow Jones өнеркәсіптік индексі апта басынан бері жұма күнгі сауда-саттықтың жабылуына дейін 6,5 пайыз жоғалтты. АҚШ-тың ең көп капиталдандырылған компаниялары кіретін S&P 500 индексі бір аптада 5,6 пайызға төмендеді. Технологиялық компанияларды қамтитын Nasdaq индексі 5 пайыз жоғалтты.
Еске сала кетейік, жыл басында биткоинның бағасы 8 000 доллардан төмен еді. Оның биылғы өсімі АҚШ пен Иран қақтығысының шиеленісуіне байланысты инвесторлардың сенімсіздігінен басталды. Сонымен қатар бұған пандемия мен қор нарықтарының құлдырауын, мұнай бағасының төмендеуін қосуға болады.
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Жүген ұстап қалмасақ жарар еді...
Аймақтар • Кеше
Өзбек дзюдошыларының деңгейі жоғары
Спорт • Кеше
Су қоймаларындағы балық қоры көбейеді
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кіндігін таспен кескен тас тағдырлы тұлға
Тарих • Кеше
Қазақстан • Кеше
Театр музейінің тамаша табыстары
Театр • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Сағат Әшімбаевтың өмірлік концепциясы
Әдебиет • Кеше
Орфандық аурулар: Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
Медицина • Кеше
1,5 млн бала сауықтыру лагерьлерінде демалады
Білім • Кеше
Руханият • Кеше
Салғырттық танытпауға шақырады
Қоғам • Кеше
Еңбек адамы қорғаусыз қалмайды
Қоғам • Кеше
Қантқа жұмыссыздықтың да қатысы бар
Қоғам • Кеше
Елді жаңарту мен жаңғырту кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Аймақтар • Кеше
Саяси науқанға саналы түрде атсалысу міндет
Референдум-2022 • Кеше
Өзгерістердің мән-жайы түсіндірілді
Референдум-2022 • Кеше
Ақпараттандырудың тиімді тәсілдері қолданылады
Референдум-2022 • Кеше
Өңірдің жолы – әкім жұмысының айнасы
Үкімет • Кеше
Алтын қазушылар табиғатты бүлдіріп жатыр
Экология • Кеше
Экономика • Кеше
Референдумды халықтың 76 пайызы қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Референдум – қоғамдағы ең басты тақырып
Қоғам • Кеше
Pfizer екпесінің 500 мыңнан астам дозасы сатып алынады
Медицина • Кеше
Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістанның 318 тұрғынын кене шаққан
Қоғам • Кеше
Алматы зообағы қонжықпен толықты
Экология • Кеше
Каспий теңізіне қызғылт-сары белгісіз сұйықтық төгілген
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар