Руханият • 02 Қараша, 2020

Түркі әлемінің темірқазығы

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркиядағы «Ферфир» баспалар тобы тарапынан ай сайын шығатын «Темрин» әдеби журналының кезекті саны мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловқа арналды.

Түркі әлемінің темірқазығы

«Түркі әлемінің темірқазығы: Т.Рыс­құлов» атты тақырыппен жа­рық көрген журналға қазақтың «Қы­зыл жебесі» атанған Тұрар Рыс­құ­ловтың өмірбаянымен қоса, тәуел­сіздік жолындағы күрескерлігі мен қай­раткерлігі, адамдық қасиеті мен тұл­ғалық портреті, тарихи шын­дық пен замана ақиқаты туралы сөз қозғайтын зерт­теулер мен мақалалар топтамасы енді.

Атап айтқанда, белгілі қазақ әдебиеттанушысы, ғалым, аудармашы Ашур Өздемирдің «Алты Алаштың алыбы Тұрар Рысқұлов» атты зерттеу еңбегі және атақты «Қызыл жебе» роман-эпопеясы мен оның авторы – жазушы Шерхан Мұртаза туралы «Екі ұлы тұлға – бір ұлы туынды» атты көлемді мақаласы жарық көрді. Сондай-ақ аталған топтамаға Т.Рысқұлов турасында қалам тербеткен белгілі тарихшы Дархан Қыдыр­әлінің «Ұлтшыл күрескер» атты мақаласы, көрнекті қаламгерлер Көлбай Адырбекұлы мен Молдияр Серікбаевтың «Тағы да Рысқұлов хақында» және «Ғ.Мү­сіреповтің тапсырмасы», Ға­лым­­жан Елшібайдың «Әуезовті абақ­тыдан арашалап қалған Тұрар Рысқұлов» атты мақалалары және әдебиеттанушы Сердар Ажардың аудармасымен Т.Рысқұловтың Ста­линге жазған хаты еніп, түрік оқыр­манына жетті. Мақалаларды түрік тіліне аударған Селма Балыкчы мен Мөлдір Илгишева.