Парламент • 02 Қараша, 2020

Парламенттік сайлауға байқаушы болды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Ғұмар Дүйсембаев Грузиядағы парламенттік сайлауды байқауға қатысты, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Парламенттік сайлауға байқаушы болды

31 қазанда Грузияда парламенттік сайлау болды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассам­блеясы миссиясының байқаушы­лар құрамында сайлау барысын бақы­лады.

ЕҚЫҰ ПА атынан халықаралық байқаушылар тобы парламенттік сайлауға үміткерлер ұсынған саяси партиялардың өкілдерімен кездесті.

Ал дауыс беретін күні халықаралық байқаушылар сайлау барысына мониторинг жүргізді. Қазақстандық парламентші Ғ.Дүйсембаев сонымен қатар ЕҚЫҰ-ның Демократиялық инсти­туттар және адам құқықтары жөнін­дегі бюросы миссиясының брифин­гінде медиа-панельдік пікірта­ласқа қатысушы болды.