Қазақстан • 02 Қараша, 2020

Отандық телеарналар мен радиолар уақытша хабар таратуды тоқтатады

476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 қарашада Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналар хабар таратуды уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz  "Қазтелерадио" АО сайтына сілтеме жасап.

Отандық телеарналар мен радиолар уақытша хабар таратуды тоқтатады

"19 қарашада сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", делінген хабарламада.

"Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.