Коронавирус • 02 Қараша, 2020

Ғалымдар антиденелердің қанша уақыт сақталатынын айтты

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус инфекциямен ауырған адамның денесінде антиденелер бес айға дейін сақталуы мүмкін. Бұл туралы Science журналында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғалымдар антиденелердің қанша уақыт сақталатынын айтты

Зерттеуге барлығы 30 мыңнан астам ғалым қатысқан. Онда пациент ауруды жеңіл немесе орташа түрде өткізсе, антиденелер ағзада бес ай бойы сақталуы мүмкін екендігі айтылған.

Бұған дейін Орталық клиникалық аурухананың бас зерттеушісі Никита Ломакин "Известия" газетіне берген сұхбатында "коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарда гуморальды иммунитет үш-бес айдан кейін жоғалып кетуі мүмкін, бұл қайта жұқтыру қаупін білдіреді" деген еді.

Айта кетейік, гуморальды иммунитет генетикалық бөтен заттардың ағзаға енуінен, көбеюінен және таралуынан қорғайды.