Әлем • 02 Қараша, 2020

Филиппинде Тайфун салдарынан 10 адам қайтыс болды

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Филиппинде "Гони" тайфунының салдарынан 10 адам қайтыс болып, үш адам хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы республикадағы апаттардың салдарын азайту жөніндегі Ұлттық кеңестің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Филиппинде Тайфун салдарынан 10 адам қайтыс болды

Олардың мәліметтері бойынша, тоғыз адам қайтыс болған, оның ішінде  бес жасар бала бар екені анықталды. Ол Албай провинциясының тұрғыны болған. Хабар-ошарсыз кеткен үш адам Гинобатан муниципалитетінен екен. Сонымен қатар Катандуанес провинциясындағы апат әсерінен тағы бір адам қайтыс болған. Сондай-ақ бір адам зардап шеккені туралы айтылады.  

Ұлттық кеңестің ақпаратына сәйкес, тайфун 372 мыңнан астам отбасына, яғни, 2 млн адамға зардабын тигізген. Айтуыларынша, 390 мыңға жуық адам эвакуацияланған. Келтірілген залалдың сомасы әлі күнге дейін бағалануда.

Хабарламада айтылғандай, 8,5 мыңға жуық үй электр жарығынсыз қалған. Аймақтағы көптеген жолдардың апат салдарынан жабылуына байланысты құтқару қызметтері зардап шеккен аудандарға жете алмай жатыр.

1 қарашада "Гони" супертайфуны Филиппиннің Катандуанес провинциясында құрлыққа жетіп, кейін тропикалық дауылға айналды. Жергілікті атмосфералық, геофизикалық және астрономиялық зерттеулер қызметінің мәліметінше, апат эпицентріндегі желдің жылдамдығы 34,7 м/с, екпіні 47,2 м / с құрады.