"Биологиялық тазарту құрылғысының жұмыс режимінде ақау орын алды. Бұл биологиялық шламның нормативтік тазартылған ағындар арнасына аз уақытқа өтіп кетуіне себеп болды. Қазіргі уақытта технологиялық режимді қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды", деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Атырау мұнай өңдеу зауыты 2019 жылы сарқынды суларды тазарту сапасын жақсарту мақсатында тазарту нысандарын қайта жаңартуды жобалау жұмыстарын бастады. Қазір алаңдарды дайындау, жабдықтар сатып алу жүргізілуде. Жобаны 2022 жылы аяқтау жоспарланып отыр.