Б.Т. Тайсалованың 2017-2018 жылдар аралығында Қазақстандағы шетелдік компанияның мүддесін қорғап, қазіргі уақытта халықаралық іздеуде жүрген адамдармен алдын-ала сөз байласу әрекетін жасағаны анықталды. Ол шетелдік "сыбайластарына" адам ағзаларына қатысты заңсыз мәмілелер жасауға көмектескен.
Сонымен бірге, Тайсалова донор мен реципиент арасындағы отбасылық байланыстар туралы жалған құжаттарды қолданғаны да анықталды. Өтеусіз келісімді нотариалды куәландырып, солардың негізінде органдар трансплантациясы жүргізілген Қазақстанның медициналық мекемелеріне жіберген.
"Ал трансплантация жасаған дәрігерлер Қуттымұратов Г.М. және Донбай А.А., жалған құжаттар туралы білмеген, барлық органдарды трансплантациялау операциялары тиісті құжаттарды тіркеумен ресми түрде жүргізілген", делінген сот хабарламасында.
Сот операцияларға ақы төлеу медициналық мекеменің есеп бөлімі арқылы жүзеге асырылғанын да атап өтті.
"Осыған байланысты, Құттымұратов пен Донбай заңсыз органдар трансплантациясы үшін кінәлі емес деп танылды. Сонымен бірге, Құттымұратов жасаған трансплантациялау операциясының нәтижесінде науқас ВИЧ-ке шалдыққан. Яғни дәрігерлер өз міндетін тиісті деңгейде орындамады", деп түсіндірді судья.
Аталған іске байланысты Құттымұратов Қылмыстық кодекстің 317-бабы, 5-бөлігі бойынша 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сот бұл мүмкін болатын ең жоғарғы жаза екенін атап өтті. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Тайсалова Қылмыстық кодекстің 28-бабы, 5-бөлігі, 116-бабы, 2-бөлігі, 3, 4-тармақшалары, 385-бабы, 3-бөлігі бойынша алты жылға бас бостандығынан айырылды (жаза 6 жыл 8 айдан аспауы керек).