5 қазан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне белгісіз біреулердің үш “Камаз” жүк көлігінен жалпы құны 336 мың теңге тұратын алты аккумулятор ұрлап кеткендігі туралы хабарлама түскен. Жүк көліктерінің барлығы жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің біріне тиесілі екені белгілі болды.
Көліктер құрылыс алаңына материал әкеліп тұрған. 1 қараша күні криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен үш азаматты ұстады. Күдіктілерден айғақ заттар тәркіленді. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.