Банкке бара қалсаңыз, менеджерлер несие тарихын бұзып алмауды қадағалап тапсырады. Ал бұзылса не болмақ? Несие тарихын түзеп, қалпына келтірудің жолы бар ма?

Коронавируспен қатар келген дағдарыстың қарқыны да, салқыны да қатты. Жаһанды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап отырғандай әсер қалдыруда. Бұл жолғы дағдарыс халықтың мойнындағы қарыздық жүктемені шамадан тыс көбейтіп жіберді. Бір жағынан алғанда бұл заңдылық секілді. Өйткені Қазақстан тарихында алғаш рет карантин жарияланып, төтенше жағдай енгізілді. Соның салдарынан бизнес субъектілерінің жұмысы тоқтады. Адамдар уақытша жұмыссыз қалды. Міне, осы кезде халықтың төлем қабілеттілігі төмендеді. Қазір екінің бірінде несие бар. Ал жұмыссыз қалған шақта несие міндеттемесін орындау мүмкін емес еді.
Сондықтан қайда барып, не істерін білмей аңтарылған жұртқа мемлекет көмек қолын созды. Яғни жеке және заңды тұлғаларды 2020 жылдың 16 наурызы мен 15 маусымы аралығында несие төлеуден босатты. Оны кейін төлеуге рұқсат берді. Мұндағы мақсаттың бірі халықтың несие тарихын бұзып алмауына көмектесу еді.
«Бірінші несие бюросы» ЖШС өткен жылы мемлекеттік органдардың біріне арнайы зерттеу жүргізген екен. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Қазақстанда несиені көп жағдайда 25 пен 45 жас аралығындағы әйелдер алады. Оларды банктердің белсенді аудиториясы десек те болады. Ал 45 жастан асқан адамдар несиені сирек рәсімдейді. Олар негізінен автомобиль немесе ипотека алғанда кредиттің көмегіне жүгінеді.
– Көп жағдайда орта жастағы әйелдер мен ерлер несиені төлеу мерзімін кешіктіреді. Төтенше жағдай кезінде тығырыққа тірелгендер де – солар. Бұл ретте, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің несие тарихын оңалтуға қатысты арнайы қаулысы шыққан болатын. Алайда қаулы әлі жүзеге асырылған жоқ. Өйткені бірқатар шектеу бар. Атап айтқанда несие бюросының қандай да бір мәртебе қоюға, несие тарихына өзгерістер енгізуге құқығы жоқ. Сондықтан біз қазір Агенттікпен оңалтуды шынымен қажет ететін қазақстандықтарға көмектесу үшін аталған тетікті заңдық тұрғыдан реттеу жөнінде диалог жүргізіп жатырмыз. Бірақ несие тарихын оңалту қарызды кешіру дегенді білдірмейді. Осыны қаперде ұстаған жөн. Бірінші несие бюросының базасындағы деректер 15 жұмыс күні сайын жаңартылып отырады, – дейді Бірінші несие бюросының атқарушы директоры Әсем Нұрғалиева.
Несие демекші, қазір қазақстандық коммунистер жеке тұлғаларға несие рақымшылығын жасау туралы бастама көтеріп жүр. Бұл жайында Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров арнайы депутаттық сауал да жолдады. Алайда Үкімет коммунистердің бастамасын қолдаған жоқ.
«Несие рақымшылығын қолдану туралы ұсыныс тізбекті реакцияға және барлық қарыз бойынша міндеттемелердің жаппай орындалмауына алып келеді. Бұл банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығына және банктердің салымшылармен басқа да клиенттер алдындағы міндеттемелерін орындау қабілетіне қауіп төндіреді. Осыған байланысты бұл ұсыныс қолдау таппайды» делінген Үкіметтің ресми жауабында.
– Шын мәнінде, рақымшылық пен несиені кешіруге байланысты кез келген ұсыныс тиімсіз. Өйткені кредиторлардың барлығын жеке инвесторлар деп қарастырған жөн. Бұл ретте қаржы ұйымдары қарыз алушыларға тиімді жағдайлар ұсынады. Қарызды қайтаруды кейінге қалдыруға, қарызды қайта құрылымдауға, қайта қаржыландыруға мүмкіндік береді. Іс жүзінде қарыз алушылардың оң жамбасына келетін құралдар өте көп. Ал қарызды есептен шығарып, кешіре салу дұрыс емес. Мұның арты масылдыққа алып келеді. Несие алушылардың жауапкершілігін төмендетеді. Бұл туралы көптеген сарапшы пікір білдірді. Премьер-министр Асқар Мамин да несие рақымшылығы болмайтынын ресми түрде мәлімдеді. Бұл жердегі біздің позиция мынадай: егер қарыз алушы несиені өтей алмаса, міндетті түрде кредиторға жүгінуі керек. Өз кезегінде қаржы ұйымы қарызды қайта құрылымдауға қатысты ұтымды ұсыныстар білдіріп, қарыз алушының жағдайына түсіністікпен қарауы керек, – дейді Ә.Нұрғалиева.
Еске сала кетейік, Бірінші несие бюросы қазіргі таңда 500-ден аса ақпарат тасымалдаушы жүйемен жұмыс істейді. Олардың қатарында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес ұйымдар бар. Соңғысына микроқаржы ұйымдары, ломбардтар, несие серіктестіктері және тағы да басқалары жатады.
Деректерге сүйенсек, Қазақстандағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 1,5 млн-ы мүлдем несие алмаған. Ал қалғаны соңғы 16 жылда кем дегенде бір рет несие алып көрген.
1 қыркүйектегі жағдай бойынша заңды тұлғалардың несие портфелі 8,2 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бері несие алу көрсеткіші 1,7 пайызға немесе 139 млрд теңгеге ұлғайды. Бұл ретте 30 мың шағын және орта бизнес субьектісі қарыз алған. Биыл оларға 5,85 трлн теңге несие берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 пайызға немесе 102,5 млрд теңгеге көп.
Биыл шалғай өңірлерде 13,9 шақырым жол жөнделеді
Аймақтар • Бүгін, 23:30
Футзалдан Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды
Футбол • Бүгін, 23:25
Қазақстан мен Қытай елшілері келіссөз жүргізді
Саясат • Бүгін, 23:10
Сергей Лавровқа І дәрежелі «Барыс» ордені табыс етілді
Қазақстан • Бүгін, 22:45
«Алматы – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі туралы талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 22:32
Украинада қарттар үйі өртеніп, 15 адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 21:46
Алматыда карантинді бұзғандарға 3,5 млн теңге айыппұл салынды
Президент • Бүгін, 21:42
«Ордабасының» бас бапкері тағайындалды
Футбол • Бүгін, 21:30
Түркістанда 72 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталған
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 20:55
Спорт • Бүгін, 20:28
Атырауда шағын несие беретін кеңсені тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 20:00
Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қандай жағдай жасалған?
Қоғам • Бүгін, 19:20
Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:16
Өркен Бисақаев Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
Үкімет • Бүгін, 19:00
Моңғолияның үкімет басшысы отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 18:40
БҰҰ Даму бағдарламасы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін оң бағалады
Қазақстан • Бүгін, 18:20
FlyArystan наурызда бес жаңа әуерейсін іске қосады
Қоғам • Бүгін, 18:18
Атырауда автобус жүргізушілері бір күнде ережені 170 рет бұзды
Қоғам • Бүгін, 18:03
Гуманитарлық білім беру саласында концептуалды ойлау жүйесін жетілдірді
Әдебиет • Бүгін, 17:55
Ертең бірнеше өңірде тұман түсіп, қар жауады
Қазақстан • Бүгін, 17:50
Үш киікті сойып алған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Томас Бах Токио олимпиадасының мерзімінде өтетінін мәлімдеді
Спорт • Бүгін, 17:41
Алаш аманатын арқалаған «Ақ жол»
Тарих • Бүгін, 17:35
Түркияда Эрзурум қаласындағы мектепке Әл-Фараби есімі берілді
Руханият • Бүгін, 17:35
Президент: Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау
Президент • Бүгін, 17:31
Туған күн атап өткен үш жігіт аялдамалардағы әйнекті сындырған
Аймақтар • Бүгін, 17:30
Отандық телевизияның контенті мен сапасын күшейту керек - А.Балаева
Қазақстан • Бүгін, 17:26
«Ордабасы» клубына бас бапкер тағайындалды
Футбол • Бүгін, 17:13
Түркістан облысында прокуратура органдарына жаңа басшылар келді
Тағайындау • Бүгін, 17:12
Сайт арқылы танысқан ер адам теміртаулық келіншекті тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:00
1 ақпаннан бастап Қазақстанда қандай банкноттар қабылданбайды?
Қазақстан • Бүгін, 16:52
Қазақстанда ет қоры жеткілікті – АШМ
Қазақстан • Бүгін, 16:48
Қазақстанның Инженерлік әскерлерінің құрылғанына – 29 жыл
Қазақстан • Бүгін, 16:45
«Nur Otan»-ның аймақтық филиалдары басшылығында кадрлық өзгерістер болды
Қоғам • Бүгін, 16:40
Қайырымдылыққа арналған қораптағы ақша қолды болды
Аймақтар • Бүгін, 16:33
Ақтауда орыс тілінде сабақ беретін мұғалімдер жетіспейді
Білім • Бүгін, 16:28
Алматыда студенттерге арналған екі жатақхана салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:21
Әйел басқарған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 16:20
Ақан Сатаев парақорлар туралы бейнеролик түсірді
Кино • Бүгін, 16:12
Алматыда студенттерге арналған 1,7 мың орындық ғимарат салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:10
Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 16:00
Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:58
Асқар Мамин Түркістан қаласының даму барысын тексерді
Аймақтар • Бүгін, 15:56
Мадридтегі жарылыстан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ
Әлем • Бүгін, 15:47
Алаяқтық жолмен 80 миллион теңге алған күдікті әйел ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:43
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей елшісін "Достық" орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:37
ШҚО-да өткен жылы жемқорлық саны артқан
Қоғам • Бүгін, 15:35
Алматыда ағаш қоймасынан өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 15:35
Қысқы туризм табыс көзіне айналып келеді
Туризм • Бүгін, 15:33
ҰБТ-2021: Алғашқы күннің қорытындысы қалай болды?
Қазақстан • Бүгін, 15:09
«Қазмұнайгаз» 2020 жылы қаржылық тұрақтылықты арттырды
Қазақстан • Бүгін, 15:07
Қарағандыда аквамәдениетті дамыту орталығы құрылады
Экология • Бүгін, 15:05
А.Балаева: Салалық журналистиканы дамытудағы маңызды кезең басталады
Қазақстан • Бүгін, 15:00
Алматы облысында эпидемиялық жағдай оңалмай тұр
Аймақтар • Бүгін, 14:45
Талдықорғанда қоғамдық көлік өртенді
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Оралда діни бірлестіктің заңсыз қызметі әшкереленді
Аймақтар • Бүгін, 14:22
Алматылық профессор: Коронавирус жұқтыру қаупін төмендету үшін иммундық профилактика қажет
Медицина • Бүгін, 14:12
Балалары ұрып соққан ана алимент өндіріп алатын болды
Қоғам • Бүгін, 13:54
Қазақстандықтар eGov.kz-ке кіре алмай жатыр
Технология • Бүгін, 13:45
Садыр Жапаровтың ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді
Әлем • Бүгін, 13:27
Испанияның Мадрид қаласында жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 13:11
Ұлттық кино орталығына жаңа лауазым иелері тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:32
Азық-түлік өнімдерін сертификаттау саласын аккредиттеудің жаңа бағыттары қандай?
Аймақтар • Бүгін, 12:18
Сирек кездесетін жағдай: Маңғыстауда екі айлық бала инсульт алды
Аймақтар • Бүгін, 12:18
Иордания Корольдігі «AntikorNews» медиа-жобасына қызығушылық танытып отыр
Қазақстан • Бүгін, 12:08
«Nur Otan»: Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 12:06
Атырауда медициналық бетперде 15 теңгеден сатылатын болды
Медицина • Бүгін, 12:05
Иордания Корольдігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясы қазақстандық жобаға қызығып отыр
Қазақстан • Бүгін, 12:05
«АntikorLive» - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған онлайн-алаң
Қазақстан • Бүгін, 11:56
Ұқсас жаңалықтар