16 Сәуір, 2010

БАҒДАРЛАМА ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14 сәуірде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасында 2011-2015 жылға дейін денсаулық сақтауды дамытудың “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылауға арналған кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Қазіргі таңда басты мақсаты Қазақстан азаматтарының ден­саулық­тарын нығайту үшін жағдайлар жасау болып табылатын бағдарлама жобасы мемлекеттік органдардың, республикалық және медициналық ұйымдардың, сондай-ақ басқа да медицина қауымдастықтары өкілдерінің қатысуымен талқылаудан өтуде. К.Мәсімов Денсаулық сақтау министрлігіне мемлекеттік бағдарлама жобасын жұртшылық арасында кеңінен талқылауды ұйымдастырып, айтылған сын ескертпелер мен енгізілген ұсыныстарды ескере отырып құжатты жетілдіре түсуді тапсырды.